Құрметті талапкерлер, студенттер және оқытушылар!

 

Сіздерді жаңа ақпараттық-анықтамалық порталда қарсы алуға қуаныштымыз, ол сіздер үшін қамқорлықпен және мұқият жасалған. Бұл портал, негізінде, Қазақстанның жоғары білім жүйесінің барлық білім беру мүмкіндіктерін көрсететін карта болып табылады.

 

Енді сіздер барлық қажетті ақпаратты бір жерде ала аласыздар. Порталда сіздер жаңалықтарды, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) туралы мәліметтерді, емтихан нәтижелерін, шетелде студенттік тәжірибелер туралы ақпараттарды, Қазақстан жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларын, волонтерлік бағдарламаларды, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрамға арналған тағылымдамалар, гранттар мен ғылыми бағдарламалар, мемлекеттік және үкіметтік емес секторлар ұсынатын түрлі мүмкіндіктер туралы жаңалықтарды таба аласыздар.

 

Біздің порталдың ерекшелігі – барлық бюрократиядан айналып өтіп, маған тікелей жүгіну мүмкіндігі бар. Біз сіздердің жоғары білім беру жүйесімен қарым-қатынасыңызды мүмкіндігінше ыңғайлы және ашық етуді мақсат етеміз. Сондай-ақ, сіздер жатақханалар, академиялық адалдық, әкімшіліктің іс-әрекеттері немесе басқа да мәселелер бойынша өтініштер қалдыра аласыздар.

 

Сіздерді белсенді қатысуға, байланысуға, порталымыз ұсынатын барлық мүмкіндіктерді зерттеуге шақырамыз. Бұл жоба әр студент өз потенциалын іске асыру үшін тең және максималды мүмкіндіктерге ие болып, Қазақстанның жоғары оқу орындарында қол жетімді барлық қызметтер мен сервистерді пайдалана алуын қамтамасыз етуге бағытталған. Портал үнемі дамып, жақсаратын болады және сіздердің әрқайсыларыңыз осы жұмысқа белсенді қатыса аласыздар.

 

Біздің портал білім беру жолдарыңызда сенімді көмекші болатынына сенеміз және сіздерді белсенді пайдаланушылар қатарынан көргенімізге қуаныштымыз!

 

Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

Telegram боты