Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде 2026 жылға дейін 740 мың оқушы орнына арналған жаңа форматтағы 369 мектеп салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 217 мектеп бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

 

Ұлттық жобаны іске асыру кезінде білім беру ортасының функционалдығы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған. Талаптардың қатарына қазіргі заманғы техникалық құралдарды енгізу есебінен қауіпсіздік шараларын арттыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта құру және мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету жатады.

 

Мектептерді салу кезінде отандық тауар өндірушілерге басымдық беріледі. Ұлттық жобадағы қазақстандық өндіріс материалдарының үлесі орта есеппен 70% құрайды, оның ішінде құрылыс материалдары 90% - ға дейін. Жиһаз өнімдері тек отандық өндіріс.

 

"Samruk-Kazyna Construction" АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовтың айтуынша, алғашқы нысандарды іске қосу белгіленген мерзімнен бұрын аяқталады. Сонымен, 21 жайлы мектеп тамыз айында, оқу жылы басталғанға дейін ашылады. Бұдан әрі, жоспарларға сәйкес, қыркүйек айында 18 мектеп, қазан айында тағы 58 мектеп және жыл соңына дейін 112 мектеп ашылады.

 

Сонымен қатар, елімізде түрлі көздер есебінен 85 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 8 мектеп пайдалануға берілді және 30-дан астам мектепті жаңа оқу жылы басталғанға дейін салу жоспарлануда.

 

Сондай-ақ, ұлттық жобаның 2-кезеңін іске асыру бойынша ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру мерзімі бар 152 жайлы мектеп салу үшін мердігерлік ұйымдарды анықтау бойынша конкурстарды қысқа мерзімде өткізуге кірісу тапсырылды.

 

Кеңес барысында Роман Скляр уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға отандық өндірушілерді барынша тартуды, құрылыстың сапасын қатаң бақылауды және пайдалануға берудің белгіленген жоспарларын сақтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Telegram боты